1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Жастардың шетелге кетуін тоқтату қажет

Депутаттар білім және ғылым министрлігінен шетелге кетіп қалған жас мамандарды Қазақстанға қайтару үшін ҰБТ-ға балама енгізуді талап етті. «ҰБТ-ның дауы, грант бөлу мәселесі жыл сайын қайталанып жатыр. Биылдың өзінде 40 мың бітіруші ҰБТ-дан бас тартып, шетелге оқуға кеткен. Бұл – шамамен бітірушілердің 30 пайызы. Қазіргі грант бөлу жүйесі білімді жастарымыздың шетелге кетуіне түрткі болып отырғанын көріп отырмыз», – дейді Дания Есбаева білім және ғылым министрінің атына жолданған депутаттық сауалды оқып.
«Ақ жол» депутаттық фракциясы 110 балл жинап, грантқа түсе алмай қалған бітірушілерге орын толмаған басқа мамандықтар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік беру керек деген ойда. Басты шарты – пән айырмашылығын ғана тапсыру. Сонымен қатар ҰБТ-ға балама ретінде ЖОО-ға емтихан тапсыру арқылы грант иелену мүмкіндігін қарастыру. Білімді жастарымыздың шетелге кетуін тоқтатып, талантты ғалымдар мен жас мамандарымызды елге қайтару бойынша бағдарлама жасау керек.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар