1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Бейбіт шеруге шығуға рұқсат сұрады

Маңғыстау облысындағы Бейнеу селосының тұрғыны Ерғали Байдақов 22 қазанда жер мәселесіне қатысты бейбіт шеруге шығуға рұқсат беруді сұрап, жергілікті әкімдікке арыз жазды. Ол бұл әрекетке «өзінің Конституциядағы бейбіт жиын мен митинг өткізу туралы құқығын пайдалана отырып барғанын» айтады. 47 жастағы ол «жерді шетелдіктерге жалға бермеу үшін Қытайдың ескі-құсқы, тозығы жеткен 51 кәсіпорнының келуіне қарсылық білдіргісі келетінін, мұны азаматтық парызы деп санайтынын» мәлімдеген.
Бейнеу ауданын 1992 жылдан бері басқарған әкім Басшы Әзірханов зейнеткерлікке шыққалы жатқанын, бұл арыздың өзіне қатысы жоғын айтты. Ал оның орынбасары Кенжеғали Машрықов арызды қарап жатқандарын, егер заңға сәйкес келсе жауабын беретіндерін хабарлады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар