1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
14 қыркүйек 2017
Ел Алтынбегін еске алды

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер А.Сәрсенбайұлы егер көзі тірі болғанда 12 қыркүйек күні 55 жасқа толар еді. Уақыттан асқан сыншы жоқ. Ұлт пен тіл мүддесінің күрескері Алтыкең бүгінгі күннің тынысынан алыс күннің тіршілігін болжай білген сақа саясаткер екенін уақыттың өзі дәлелдеді.
Бұл күні Алтынбектің бір топ достары, әріптестері, замандастары, ағайындары Кеңсай зиратында бас қосып, марқұмның рухына құран бағыштады. Төлеген Жүкеев пен Рысбек Сәрсенбайұлы сақа саясаткердің өткен өмір жолынан естеліктер шертіп, Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзі мен ісі күн өткен сайын алтындай жарқырай беретінін айтты.
Жылдағы дәстүр бойынша жұртшылық биыл да мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер А.Сәрсенбайұлының жаяу жүріп өткен тау жолымен сапарға шықпақ. 17 қыркүйек күні Алатау бөктеріндегі «Алтынбек соқпағымен» жүруге баршаңызды шақырамыз. Кездесу орны бұрынғыдай – «Қазақстан» қонақүйі қарсысындағы субұрқақ маңы. Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысы. Жиналу уақыты – сағат 09:00.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар