1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
19 қыркүйек 2017
Әр ауылдың өз ақшасы болады

Елімізде бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді. Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар саны 2000 адамнан асатын ауылдардың өз бюджеті болады. Елімізде мұндай 1066 ауыл бар. Ал 2020 жылдан бастап барлық 2444 елді мекен дербес бюджетін құрып, оны өздері басқаруға мүмкіндік алмақ. Ал қаржының жұмсалуын ауыл тұрғындарының өздері қадағалайтын болады. «Біріншіден, бұл жеделдік. Ауыл әкімі бұрынғыдай ауданнан қаржы күтіп отырмайды. Екіншіден, ашықтық. Ауыл әкімі жергілікті тұрғындардан құралған кеңестің келісімінсіз бір тиын да жұмсай алмайды. Үшіншіден, тиімділік. Ауыл тұрғындары шешімін таппай жатқан көкейкесті мәселелерін өзгелерден жақсы біледі. Демек, ауыл зиялысының үні естілетін болады. Енді ауыл әкімі қаржы бөлінетін кез келген істе ауданға жалтақтамай, өз ауылының үлкендерімен, ақсақалдарымен ақылдасып отырады», – дейді бұл жөнінде ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар