1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16266) 10 қазан, сейсенбі 2017
10 қазан 2017
1,4 миллион өнімсіз жұмыс істейтіндер анықталды

«Биыл біз үй-үйді аралап, 5,6 миллион адамның бейресми өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін бағаладық. Нәтижесінде 1 миллионға тарта адамның жұмыспен қамтылғанын, бірақ зейнетақы жарнасы төленбейтінін, сонымен қатар 330 мың тіркелмеген жұмыссызды, 1,4 миллион өнімсіз жұмыс істейтіндерді анықтадық», – дейді еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Министрдің сөзінше, еңбек келісімшартының саны артқанымен, бейресми еңбек қатынастары алаңдаушылық тудырып отыр. Соңғы екі жылда еңбек инспекторлары еңбек келісімшартын жасамай, жұмысшылар еңбегін пайдаланған 1000-нан астам жұмыс берушіні анықтаған. Олар, негізінен, біліктілігі төмен жұмысшылар, құрылыс, сауда салаларында, қоғамдық тамақтану орындарында, ауыл шаруашылығында және шағын бизнесте жұмыс істейтіндер.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар