1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 81-82 (16268-16269) 12 қазан, бейсенбі 2017
12 қазан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өту қиындады

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы «Қордай» тексеру және өткізу бекетінде әскерилер пайда болды. Қазір олар Қордай кентіне кіреберісте және «Қордай» бекетімен екі орталықта пост қойып, кірген-шыққан көліктердің барлығын тексеріп тұр. «Бекеттен Қазақстанға қарай жүк көліктері мен автобустар өте сирек өтіп жатыр» дейді куәгерлер. Одан бөлек, Қырғызстан азаматтарының Қазақстанмен шекарадағы үш шекара бекеті – Талас облысындағы «Чон-Капка», Шу облысындағы «Ақ-Жол» және «Ақ-Тілек» өткізу пункттерінен өту қиындаған. Қырғызстан шекара қызметтері осылай деп мәлімдеді. Шекарада кісі қарасы мен көлік саны көбейген. Куәгерлер адамдар кезекте сағаттап тұрғанын, жүк көліктері мұқият тексеріліп жатқанын айтады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар