29 қазан 2009
Жәнiбек пен Керейдi қорғар ұрпақ бар
Қазақ хандығының негiзiн қалаушы Жәнiбек пен Керей хандардың мүсiнi Астана қоқысында қараусыз қалғаны жөнiнде “Жас Алаштың” өткен санында жазған едiк. Билiктiң жауапсыз әрекетiнiң салдарынан болған бұл жағдайға қоғам наразылығы өршiп тұр.
Жуырда «Абырой» және «Ел болашағы» жастар қозғалысының өкiлдерi де қарсылығын бiлдiрiп, билiкке қатаң талап қойды. Олар президент Нұрсұлан Назарбаевты қазақ тарихын қорлаған шенеунiктердi тауып, тиiстi жаза қолдануға шақырды. Жастар талаптары 15 күннiң iшiнде орындалмаса, қарсылық акцияларын қарқынды түрде жалғастыратындарын мәлiмдедi.





Өзі неден жасалған , мыс па?