26 қараша 2009
Шәмшiнiң ескерткiшiне байқау жариялады
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен облыстық мәдениет және облыстық сәулет және құрылыс басқармалары қазақ вальсiнiң падишасы, композитор Шәмшi Қалдаяқовты кейiнгi жас ұрпаққа таныстыру, оның бай мұрасы мен шығармашылығын насихаттау, сонымен қатар қайтадан салынып, iске қосылғалы тұрған Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратының алдына оның ескерткiшiн орнату мақсатында 2009 жылдың 15 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында “Композитор Ш.Қалдаяқовтың сәулеттiк ескерткiшi жобасына” республикалық байқау жариялады.
Байқауға жiберiлген жұмыстарды кәсiби бiлiктi мамандардан құрылған қазылар алқасы сарапқа салады.
Байқауға қатысты анықтамалар мен мәлiметтердi мына мекен-жай арқылы бiлуге болады:
160018, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 “а“ үй, ОҚО мәдениет басқармасы. Тел: 8 /7252/ 539462, факс: 535626.
Электрондық пошта: oko_madeniet@mail.ru




