28 қаңтар 2010
Саясаттан қажығандықтан емес, саяси жауапкершiлiктi түсiнгендiктен кеттi
Татарстанның президентi Минтемир Шаймиев отставкаға кететiн болды. Ресейлiк кейбiр басылымдар мұны «Шаймиев саясаттан қажыды» деп сан-саққа жүгiртiп жатыр. Шаймиевтiң мұнысын саясаттан қажығаны емес, саяси жауапкершiлiктi жете түсiнгенi деп ұққан абзал. Ресей президентi Д.Медведевпен кездескенде М.Шаймиевтiң өзi осылай дедi. «Келесi президенттiк мерзiмге менiң кандидатурамды қарастырмай-ақ қойыңыз. Жас буынға мүмкiндiк бергiм келедi», — дедi М.Шаймиев.
Медведев оның ұсынысын қабылдап, Татарстанның президенттiгiне Рустам Миннихановты ұсынатынын айтты. Шаймиевтiң президенттiк өкiлеттiгi 25 наурызда аяқталады. Татар халқы ерекше құрметтейтiн М.Шаймиев қазiр 73 жаста.





Уәж айту