2 ақпан 2010
Қар құрсауынан тоғыз күнде әзер шықты
Газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнде Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Бақты ауылында отыз шақты жолаушының үйлерiне жете алмай, қардың құрсауында қамалып отырғанын жазған едiк. Олардың iшiнде қарт адамдар мен сәбилер де болған. Азғантай қаржылары таусылып, бәрi шетiнен ауырып-сырқай бастағанда жол әзер ашылыпты. Тоғыз күн дегенде!
Кеше Бақты ауылының әкiмi Ғазиз Болысбековке телефон шалдық. «Жолды әзер аштық. Жолаушыларға нан-тұзын шама-шарқымызша жеткiзiп берiп тұрдық, үймен қамтамасыз еттiк. Бұдан басқа бiздiң қолымыздан не келедi? Тосыннан келген табиғи құбылыс қой бұл», — дейдi Ғ.Болысбеков.




