Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 02 Мамыр 2024

АҚШ Ресейге жаңа санкция салды

в
Фото: из открытых источников

АҚШ Ресейдегі режим мен бизнеске қарсы жаңа санкциялар енгізіп, «Победа» авиакомпаниясының жұмысына шектеулер қойды. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында хабарланды.

Жаңа санкциялар туралы ақпаратта АҚШ үкіметінің бұл шаралары «Ресейдің әскери машинасын ұстау мүмкіндігін азайтуға» және «Кремльдің кірістері мен әскери техникаға қол жеткізуіне шектеу қоюға» бағытталғаны атап өтілген.

Осылайша, жаңа санкция тізімінде  300 заңды және жеке тұлға бар. Олардың ішінде «Аэрофлот» еншілес кәсіпорны «Победа», «Урал» автомобиль зауыты, «Протон» зауыты, бірқатар «Сибантрацита» құрылымдары, Брянск автомобиль зауыты және басқа да ұйымдар бар.

Сонымен қатар, АҚШ Ресей билігіне шектеулерді айналып өтуге көмектесетін үшінші елдердегі компанияларға «ерекше алаңдайды». Олардың қатарында, Әзербайжан, Бельгия, Қытай, Словакия, Түркия және БАӘ компанияларына қарсы санкциялар салынды, деп хабарлады АҚШ қазынасы.

Фото: Иван Водопьянов, Коммерсантъ