Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 02 Мамыр 2024

Грузияда «шетел агенті» туралы заңға қарсы митингте 63 адам ұсталды

s
Фото: из открытых источников

Тбилисиде сәуірдің 30-ы күні кешке «шетел агенттері» туралы заңға қарсы шеруді тарату кезінде 63 адам ұсталды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Сондай-ақ департамент тарау кезінде алты полиция қызметкерінің жараланғанын хабарлады.

Күрес шерушілер парламент ғимаратын жауып тастамақ болған соң басталған. Полиция арнайы құралдарды, оның ішінде су шашатын құрал, бұрыш және көзден жас ағызатын газ қолданды. Оқиға куәгерлері ондаған адам құрбан болғанын хабарлады, бірақ, нақты саны белгісіз.

Қақтығыс бірнеше сағатқа созылды: Полиция наразылық білдірушілерді парламент ғимараты алдындағы алаңда таратуға тырысты, бірақ олар іргелес Руставели даңғылына шыққан. Нәтижесінде таңғы сағат төрттер шамасында тәртіп сақшылары оқиға орнынан кетіп қалды.

Митингті тарату кезінде ірі оппозициялық «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының төрағасы Леван Хабейшвили жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізіліп, мұрны сынғандықтан ота жасалды. 1 мамыр күні таңертең Хабейшвили парламентке мүгедектер арбасымен келді. Ішкі істер министрлігі лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін депутатқа қатысты полицейлердің әрекетін тексеруге уәде берді.

Айта кетейік, «Шетелдік агент туралы» заң жобасын Грузия парламенті сәуір айының ортасында бірінші оқылымда қабылдады. Дәл осы уақытта Тбилисиде тұрақты наразылық шерулері басталды - грузин оппозициясы заң жобасы Ресейдің «шетел агенттері» туралы заңнамасын қайталайды деп мәлімдейді.

Грузия парламенті заң жобасына екінші оқылымда дауыс беру 1 мамыр күні өтті.

Фото:SCANPIX / AFP

Тегтер: