Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 02 Мамыр 2024

«Набат операциясы» драмалық экшн-фильмі прокатқа шықты

в
Фото: из открытых источников

«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы «Набат операциясы» драмалық экшн-фильмін ұсынды.

Фильмді режиссер Рашид Сүлейменов түсірген. Картина шынайы оқиғаға негізделген және 1992 жылы жасалған арнайы операция туралы баяндалады. Түрмеден қашқан тұтқындар автобус жолаушыларын кепілге алып, оларды қазақстандық құқық қорғау органы қызметкерлері құтқарады.

Көрсетілімге мемлекеттік органдар, киноиндустрия өкілдері және басты рөлдерді сомдаған актерлер қатысты.

«Қазақфильм» президенті Азамат Сатыбалдының айтуынша, бұл фильм биыл Ұлттық киностудия түсірген тұңғыш премьера.

Фильмді 2 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпара министрлігі

Тегтер: