Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:44, 02 Мамыр 2024

Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді

s
Фото: из открытых источников

Американың Netflix стримингтік қызметі Алматы тауларында туристік реалити-шоу түсіреді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлемге әйгілі Netflix ағындық платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді. Әлемдік ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әдемі таулары мен шынайы қырғыз табиғатын таңдады», - делінген хабарламада.

Алматы туристік бюросы атап өткендей, Алматыда туристік реалити-шоу түсіру еліміздің танылуына және қаланың туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» екенін айтты.

«Netflix кең аудиторияға фильмдердің, сериалдардың және басқа түпнұсқа мазмұндардың үлкен таңдауын ұсынатын және үлкен танымалдыққа ие жетекші ағынды платформа болып саналады. Netflix аудиториясы бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің ақылы жазылушыларының саны шамамен 270 миллионды құрайды», - деп түсіндірді қала әкімдігі.

Фото: Алматы әкімдігі

Тегтер: