Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:47, 30 Сәуір 2024

Өзбекстан футболшылары Олимпиадаға жолдама алды

Н
Фото: из открытых источников
Өзбекстан тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды. Президент Шавкат Мирзиеев футболдан жастар құрамасын құттықтады.

Өзбекстанның Олимпиада құрамасы футболдан Қатарда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия кубогының жартылай финалында Индонезияны жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды.

Енді Темур Кападзенің ойыншылары Парижде өтетін төртжылдықтың ең танымал спорт жарысына қатысады.

Матчтың бірінші таймында Өзбекстан құрамасында бірнеше мүмкіндік болғанмен, есеп ашылмаған еді. Ал екінші таймның 68-минутында Хусайн Норчаев пен 86-минутта Абдуқодир Хусановтың голдары Өзбекстан құрамасына жеңіс әкелді. Осылайша, Өзбекстанның Олимпиада құрамасы алғаш рет Францияда жалауы желбірейтін Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев футболдан жастар құрамасын құттықтады.