Алматы. 10 қараша. 7kun.kz — Танымал журналист, коммуникация маманы, қаржы шолушысы Бота Жұманова «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы туралы ақпарат таратушы» жобасын іске қосты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Оның жазуынша жоба мақсаты – тұрақты түрде қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-на мониторинг жасау арқылы қазақстандықтардың инвестициялық сауатын арттыру.
«Зейнетақы жүйесі неғұрлым ашық, айқын болса, ол соншалықты қазақстандықтар арасында сенімге ие болады. Сенім – кез-келген жүйе жетістігінің формуласы. Біз зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ның жағдайы туралы салымшыларға көбірек ақпарат беруді мақсат тұтамыз»,- дейді ол жоба туралы.

Бота Жұмановаға мұндай платформаны іске қосу идеясы БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестен шыққан кезде келіпті. Айта кетейік, Бота Жұманова аталған кеңеске мүше болып кейін, өз еркімен одан шығып кеткен еді. Кейін бұл бастама «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жүзеге асқан.
Enpi.kz платформасындағы ақпараттар орыс тілінде. Мұнда Халықаралық тәжірибе, инвестициялар, компаниялар, пікір, факт, жаңалықтар бөлімдері бар.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,43 трлн теңгені құрайды.

Запись Бота Жұманова «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы туралы ақпарат таратушы» жобасын іске қосты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس