Франция президенті Эммануэль Макрон Францияның АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімінен шыққан жағдайда қолданатын «Б жоспары» жоғын мәлімдеді. Макрон сондықтан Вашингтон Иран мәселесінің «дұрыс шешімі табылмайынша, келісімнен шықпауы керек» деп біледі.

Осы аптада Эммануэль Макрон мен АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен жасалған ядролық келісімді талқылайды. 2015 жылы Иран, АҚШ және басқа әлемдік бес державамен арада жасалған келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын дамытуды шектеп, есесіне Батыс елдерінің Иранға қарсы санкцияларын жеңілдеткен.

Макрон АҚШ-қа үш күндік сапары алдында Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ, Франция және басқа да одақтастарында Сирияны соғыстан кейінгі қалпына келтіруде маңызды рөл атқару міндеті туындайтынын айтты.

Дональд Трамп бұған дейін америкалық әскерді Сириядан қысқа уақытта шығарғысы келетінін мәлімдеген. Эммануэль Макрон осыған байланысты егер басқа елдер Сириядан әскерін тым ерте алып кетсе, онда Иран  Башар Асадтың басты одақтасы ретінде Сирияға өз ықпалын орнататынын ескертті.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.