Астанада «Абу-Даби плаза» кешені құрылысында жұмыс істейтін ондаған жұмысшы жиналып, «Нұр Отан» партиясына барды.

Мердігер World Monitor компаниясында жұмыс істейтін жұмысшылар партияның Астанадағы филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Сапаровпен кездесіп, екі айлық жалақысын алмағанына шағымданды. Жұмысшылар сонымен қатар құрылыс басында жұмыс жағдайының нашарлығына да шағым айтты.

Азаттық компанияның өзіне хабарласқанымен, сөйлесе алмады. Жұмысшылар компания басшылығымен өздері де кездесе алмайтынын, себебі «олар мекенжайын жиі ауыстыратынын» айтады.

Бақы Сапароов жұмысшылардан шағымын жазбаша күйде қабылдап  алып, бұл мәселеге байланысты компания басшыларымен жиын өткізетінін және оған тиісті органдар өкілдерін шақыратынын айтты.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.