Ішкі істер органдары еліміздегі өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру жұмыстарының есебін жариялады. Тексерулер барысындағы ойын-сауық және ірі сауда орталықтарының қожайындары сан түрлі амал жасап клиент тартып ақша табу жақсы білгенімен өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтыны анықталған. Яғни еліміздегі мыңдаған сауда орындарының тек 11-нің ғана өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетіні анықталған. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының Астанадағы тілшісі хабарлайды. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИННІҢ еліміздегі 851 нысанды тексеру барысында  барлығы 10 мыңнан астам ереже бұзу фактісі анықталған. «Адамдар жиі баратын сауда нысандардың өртке қарсы қорғанысын тексеру жұмыстары осы жылдың  2 сәуірінен басталған болатын. Осы аралықта тексерілуі тиіс деп шешім шығарылған  972 нысанның 851-інде жұмыстар аяқталды. Қазақстандағы ойын-сауық және ірі сауда орталықтарының тексерісіне қарамастан, өз нысандарының өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтыны анықталды. Яғни әр нысаннан шамамен 2-ден 20-ға дейін ереже бұзушылықтар анықталуда. Заң бұзушылыққа жол бергендер анықталып әкімшілік жауапқа тартылды, салынған айыппұлдар сомасы 16 млн теңгеден асты. Осы орайда нысандарды пайдаланып отырғандарға аталған кемшіліктерді жоюға қатысты нұсқаулар берілді», дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин. 

Бүркіт НҰРАСЫЛ, Астана

Фото: enjoyaurora.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.