Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, Арменияның қорғаныс министрлігі «23 сәуір күні Ереванда өткен шеруге қатысқан бітімгерлік бригадасының әскерилерін қатаң айыптайтыны туралы» ақпарат таратты.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес әскерилердің шеруге шығуы ел конституциясына, әскери борыш өтеуге қатысты заңдар мен әскери жарлыққа қайшы келеді. 

«Әскерилердің әрекеті әскери бөлімшеде болу тәртібін бұзудан басқа өз еріктерімен бөлімшеден кетіп қалу арқылы міндеттерін өтеуден бас тарту болып саналады. Бұл жайында заңдық тұрғыда қажетті құзырлы органдарға хабарланды. Шеруге қатысқан әскерилер қорғаныс күштерінің саяси процестерге араласпауы қажеттігін ескермей, демократияның негізгі принципін де бұзып отыр. Бұл мәселе шараны ұйымдастырушыларды да ойландыруы керек» деп жазылған хабараламада. 

Дүйсенбі күні Ереван көшелеріндегі демонстранттарға екі жүзге жуық әскери киімдегі жауынгер қосылған. Олардың қатарында қолына Армения туын ұстаған егде жастағы офицер де болды. 

Оппозициялық депутат Никол Пашинян басқарған наразылық шарасы он бір күнге созылды. Ереван көшелеріне шыққан ондаған мың адам бұрынғы президент, жуырда премьер-министр болып сайланған Серж Саргсянның билікке оралуына қарсы болған. 23 сәуірдеде Саргсян отставкаға кетті.

Көре отырыңыз: Ереван көшелеріндегі оппозиция жеңісін тойлау



Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.