Ақтөбе қалалық соты биыл 18 қаңтарда Ырғыз ауданы аумағында автобус өртенген кезде тірі қалған үш қазақстандық Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатовты қамау мерзімін ұзартты. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот 21 сәуір күні шығарған қаулысымен өртенген автобус жүргізушілерін қамау мерзімін 24 мамырға дейін ұзартты.

Тергеу бұл азаматтарға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлімімен күдік келтіріп отыр. Прокуратура биыл 26 қаңтардан бастап қамалған күдіктілер салонды жылытуға дәнекерлеуші лампаны қолданып, көлiк құралдарын пайдалану қағидалары мен өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған деп санайды. Айыптаушы тарап сотқа «жинақталған нақты деректермен аталған қылмысқа автобустың үш жүргізушісінің де қатысы бары анықталды» деген уәж келтірген.

Өртенген автобустың жүргізушісі де Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Биыл қаңтардың 18-і күні таңертеңгі сағат 10:30 шамасында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент — Самара тас жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-і қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.

Оқи отырыңыз: Комиссия: Өрт құрбандарының кім екенін анықтау қиын

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.