ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ бүгін zhasalash.kz-қа хабарласып, кеше осы сайтта жарық көрген «Мүфтияттың сыйынғанынан сүйенгені мықты ма?» атты мақалаға түсініктеме берді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл мақалада Балтабек Нұрғалиев деген жас ақынның президент  Н. Назарбаевты Құдайға теңегені және оған ҚМДБ өкілінің пікірі айтылған еді.

"Президентті Құдайға саналы түрде теңеді деп айта алмаймын..."

 ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ жіберген хатта бүй дейді:

– Қасиетті Құранның беташар «Фатиха» сүресінде: «Барлық мадақ әлемдердің Раббы Аллаға тән», – деген аят бар. Мақтауға, мадақтауға, пәктеуге Алла ғана лайықты. «Оған теңдес ешкім жоқ» («Ықылас» сүресі, 4-аят).

Ал адамды Құдайға теңеу дегеніңіз – шариғатқа да, пендеуи түсінік пен танымға да қайшы пайым. Кісінің тұлғасын сипаттаудың өзіндік әдебі мен өлшемі болуы тиіс. Егер ол шегінен шығатын болса құрдымға кетіреді. Өкініштісі – күнәға жетелейді.

Әрине, сан ғасырлық тарихымызда ел басқарған хандар мен сұлтандардың, билер мен басшылардың өз кезеңінде қалдырған өзіндік қолтаңбасы мен елеулі еңбегі бар. Оны әсте жоққа шығара алмаймыз.

Ал Елбасын Құдайға теңеп, мадақ жыр арнаған бауырымыз бұл өлеңді саналы түрде жазды деп айта алмаймын. Өйткені, шариғаттың талабы мен қаламның жауапкершілігін сезінген адам мұндай сезімге әсте жол бермес еді…

Фото: Muslim.kz  

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.