Ливерпуль мен Рома арасындағы матчта жеті гол соғылды. Ағылшындық клуб италиялық Романы өз алаңында  ұтты. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлайды.

Энфилд cтадионында өткен Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы ойыны Ливерпульдың жеңісімен аяқталды. Юрген КЛОПП шәкірттері римдік команда қақпасына бес гол соқты. Қонақтар болса екі голмен жауап берді. Ливерпуль-Рома есеп 5:2.

Алғашқы екі голды Мұхамед САЛАХ соқса, тағы да бір дубль авторы Роберто ФИРМИНО атанды. Және ағылшындар сапында Садио МАНЕ де мергендер қатарынан табылды. Жауапсыз бес гол соққан Ливерпуль Чемпиондар лигасының финалына жақындай түскен еді. Матчтың 81 минутында Рома ойыншысы Эдин ДЖЕКО есепті қысқартса,  85 минутта италиялық тағы бір ойыншы Диего ПЕРОТТИ пенатльтиден гол соқты. Енді қай ұжымның финалға шығатыны  2-мамыр күні Римде өтетін қарымта ойында белгілі болады.

Фото: footboom.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.