Шымкентте "баласын ұрған" әйел сотталды

116


Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «алты жастағы баласын ұрып-соғып, жан сақтау бөліміне түсірді» деп айыпталған Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны 37 жастағы Назира Бекбаеваны 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, судья Қанатбек Қоңырбаев жазаны 5 жылдан кейін өтеуге үкім етті. 20 ақпанда қарай бастаған істің үкімі 25 сәуір күні жарияланды.

Назира Бекбаева Қылмыстық кодекстің 106-бабы  2-бөлігінің 4-11-тармағымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») айыпты деп танылды. «Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігін қолдана отырып, сотталған Бекбаеваның жазасын өтеу мерзімі бес жыл мерзімге кейінге қалдырылсын» деді судья Қоңырбаев. 

Сотталған Назира Бекбаева зот залынан босатылды.

Назира Бекбаеваның қорғаушысы Жұмабек Тоғызбаев Азаттық тілшісіне үкімге апелляциялық шағым түсірмейтінін айтты.

2017 жылдың 9 желтоқсанында Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Назира Бекбаева 6 жастағы баласын ұрып-соғып аурухананың жан-сақтау бөліміне алып келген. 10 желтоқсан күні оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, қамауға алынған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.