Алиментті еркектер ғана емес әйелдер де төлеу керек.  Ақтөбелік жалғызбасты әке бұрынғы әйелін сотқа беріп, ата-ана құқығынан айырмақшы. Алимент те өндіріп аламын дейді. 35 жастағы Еділбай КЕРІМБАЕВТЫ мұндай қадамға баруға  балаларының анасы итермелепті.  Айтуынша, 11 жыл отасқан келіншегі бір күні  «кетемге» салыпты.

-2002 жылы үйлендік. 2003 жылы қызымыз дүниеге келді, артынан араға жеті жыл салып ұлым өмірге келді. Содан 2013 жылы кетем деді, ұл мен қызды маған тастап кетті. Содан бері бес жыл өтті, бірде бір рет балаларды іздеген емес. Кеше  звондайды. Не  болғанын сұрадым. «Қосыласың ба?» деп едім,- Ия, қосылам,- деді.  Қызыма 20 мың теңге ақша берейін деп едім деді. Артынша  телефонды, бәрін өшіріп тастады. Мен  оның мұндай қылықтарына үйренгем.  Туған балаларын қажетсінбейтін, аналық мейірімін сыйламайтын ондай ана кімге керек? Қазір қорғаушымен ақылдасып, құжаттар жинап жатырмын.  Оны ата-ана құқығынан айыруын сұрамақшымын. Алимент өндіртуді да көтерем. Ол бір  дүниеқоңыздықтан немесе ақшаны жақсы көргендіктен емес, сабақ болсын дегім келеді,- дейді  балаларының анасынан көңілі қалған Еділбай Керімбаев.

Бүгінде қызының жасы-14-те , ұлы – 7 жаста.  Балалардың сабақ үлгерімі де жақсы, мектептен шағым болмапты. Көрші-көлем үлгілі әкеге тіпті шаң жуытпайды. Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары Керімбаевтар отбасына жиі келіп тұрады. 34 жастағы келіншек туралы ақпаратты да солардан білдік. Айтуларынша, балалардың анасының тұрақты баспанасы жоқ, таныстарының, туыстарының үйін сағалап жүрген көрінеді.

Әйелімнен алимент өндіріп аламын

-Балалардың анасы еш жерде жұмыс жасамайды. Бұған дейін екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке де тартқанбыз. Бірақ, нәтиже болмады. Қазіргі қосымша құжаттар жинақталып жатыр, болған соң  азаматшаны ата-ана құқығынан айыру  жөнінде ювеналдық сотқа жолдаймыз, — дейді Ақтөбе қаласы Заречный полиция бөлімінің инспекторы Гүлден ТІЛЕГЕНОВА.

Зада Зейін, Ақтөбе

Фотолар автордікі

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.