Пашинян: Ресей Арменияның ішкі ісіне араласпайды

77


Армениядағы қарсылық қозғалысының лидері Никол Пашинян Ресей елдегі саяси дағдарысқа араласпайтынына сендірді. Ол мұндай тұжырымды 25 сәуірде Ресей билігінің өкілдерімен кездесуден соң жасады.

«Бүгін Ресей ресми өкілдерімен кездестім, олар мені Мәскеу Арменияның ішкі ісіне араласпайтынына сендірді» деп мәлімдеді Пашинян Ереванда Республика алаңында өткен митингіде.

Кейін Ресейдің Армениядағы елшілігі ресейлік дипломаттардың оппозиция өкілдерімен кездескенін, олардың арасныда Никол Пашинян да болғанын растады. Дипломаттар Армениядағы саяси жағдайдың тезірек тұрақталатынынан үмітті екенін білдірген.

25 сәуірде бұдан бұрын Армения президенті Армен Саркисян Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, Ервандағы жаппай қарсылық шерулерін талқылаған. Путин Армения билігін дағдарысты шиеленістірмеуге және жанжалды келіссөз арқылы шешуге шақырған.

23 сәуірде он бір күнге созылған оппозиция шеруінен кейін Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кеткен еді. Саргсянмен бірге оның үкіметі де отставкаға кеткен. Оның орнына премьер міндетін уақытша атқарушы болып бірінші вице-премьер Карен Карапетян тағайындалған.

Серж Саргсян 10 Армения президенті болды. Ол президенттік қызметі аяқталар кезде конституцияға премьер-министрдің өкілетін күшейтетін өзгеріс енгізген.

Көре отырыңыз: Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн



Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.