Санкт-Петербургтің заң шығару кеңесінің депутаты Андрей Анохин ресейліктердің әлеуметтік желілерді үш сағаттан артық қолдануына тыйым салуды ұсынды. Анохин «азаматтарды интернеттегі теріс ақпараттан қорғайтын» заң жобасын таныстырды.

Депутаттың пікірінше, мемлекеттік деңгейде азаматтарды әлеуметтік желілердегі аккаунттарына «Госуслуг» порталы арқылы кіруге міндеттеу керек. Бұл талапты орындаудан бас тартқан сайттар бұғатталуы тиіс.

Заң жобасында сонымен қатар кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді қолдануына тыйым салмақ. Андрей Анохин өзі ұсынған шектеудің орындалуын қадағалау әдістерін көрсетпейді. Ол бұл мәселені байланыс операторлары шешуі тиіс дейді. Депутат шектеу соңғы уақытта қоғамда әлеуметтік желілер «заңға қайшы мақсатта» қолданыла бастағандықтан салынуы тиіс деп біледі.

Ресей билігі 16 сәуірден бастап ел аумағында Telegram мессенджерін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін беруден бас тартқаны үшін бұғаттап жатыр. Содан бері Ресейде 20 миллионға жуық IPадрес бұғатталып, жүздеген онлайн-сервис зардап шекті. Дегенмен, биліктің қысымына қарамастан Telegram  жұмыс істеп тұр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.