«Бақыт – төрт құбылаңның түгелдігі мен тыныштығы, айналаңның  амандығы, тілегіңнің қабыл болғандығы. Егер осы үшеуі қалпында тұрған жағдайда өмір сүрген қоғамыңа сыймасаң, онда сен – бақытсыз тұлға болғаның». «Жас Алашта» тұрақты жарияланып келе жатқан «Жүректегі жазуларында» жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай бүгінгі бақытты адам қандай деген сұраққа жауап іздейді. Сөйтіп оған өзі «Бақытсыздық – төрт құбылаң түгел әрі тыныш, ағайының аман, тілеуің қабыл бола тұрып, өз отбасыңа сыймағаның, сыйғызбағаны, сыя алмағандығың! Алла, оның бетін аулақ қылсын де!» деп жауап қатады. Қытайда қамалған қазақ Қайрат Самарқанұлының не туған жері, не атажұртына сия алмай жүргенін баяндаған сұхбат түсінген жанға «біз осы бақытты ұлтпыз ба?» деген мәселені төтесінен қояды. Қытайдағы қазақтардың тағдырына араша сұраған Алматыдағы қоғамдық тыңдаудың бір сөзі жерде қалмай газет бетіне түсті. Бұл жиында «Қытайға намыс пен арды қоса саттық…» деген сөз де айтылды.

 Ұлт зиялылары Қытайда қысым көрген қандастардың тағдырына алаңдап жатқан сәтте Астанадағы үкіметіміз малдың қамын ойлап, тағы бір бағдарлама қабылдады. Осы қаладағы тілшіміз Оралхан Дәуіт «Шөкеевтен тал қала ма, әлде мал қала ма?» деген мақаласында ескі һәм жаңа даудың қайтадан қозатынын аңғартады. Мәселе, әрине мал ұрығы мен тірі ірі қараға қатысты. Ұрық тасығысы келмейтін Шөкеевтің командасы асыл тұқымды бұқа мен сиырды шетелден ұшақпен алдыруын қайтадан бастайды-ау…  Дегенмен, сол ұрық пен асыл бұқаның сайманына қызығып қарап тұрған қаржыгерлер жоқ. Олардың бәрі премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа не істер екен деп ұрлана қарап отырғандай. Өйткені президент «қызметі сын көтермейді» деп сынап тастаған үш банктің біреуінің басында Б.Сағынтаевтың күйеубаласы жүр. «Сағынтаев күйеу баласына көмектесе ме?» деген мақала әрине газетіміздің бүгінгі санында.

Зерттеуші Қанағат Жүкешев «қазақ саны 100 пайызға көбейсе де, қазақ тілі осы қалпымен  дамымайды, оны ешкім үйренбейді» деп біледі. Себебі, қазақ тілінде нақтылық жоқ екен, тіліміз стандартталмапты. Қ.Жүкешевтің қазақ тіліне, тілдің дамуы мен кері кетуіне қатысты кезекті мақалалары алдағы уақытта да жарық көреді. Маманың өз ойына біреу келісер, біреу келіспес, бірақ, бірігіп талқылап, ақылдасқан мақсатты істің артықшылығы жоқ. Демек, бүгінгі газетті жіберіп алмаңыз.

Қазақ спорт шежіресін «Жас Алашта» түгендеп жүрген авторымыз Қыдырбек Рысбек бүгінгі санда 1920-1940 жылдары арасындағы қазақ спорты мен саңлақтарын көпшілікке таныстырады. Өкінішке орай, бізде спорт шежіресі әлі толық хатталған жоқ. Оқулықтарға жүйелі енбеген. Осы олқылықты түзеуге талпынып жүрген Қыдырбек Рысбекұлы бүгінгі мақаласында «Алматыда шахматтан тұңғыш жарыс қашан өтті?», «Қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты қашан және қайда өтті?» дегендей сұрақтарды алға тарта отырып, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин сияқты даңқты батырларға үлгі болған ардагер спортшылардың тарихын қысқа қайырыммен шолу жасайды.

Әрине бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартқанын айтып жатып артықтау болар.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.