Астана медицина университетінің ректоры Мәжит Шайдаров «жалған» IELTS сертификатымен оқуға түскені анықталған магистранттар мен докторанттардың кейбірі «өз еркімен окудан шығып кеткенін», кейбірі өздерін оқудан шығарғанға дейін оқығанын мәлімдеді.

Астанада өткен баспасөз конференциясында Мәжит Шайдаров магистранттар мен докторанттардың университетке оқуға тапсырарда ұсынған ағылшын тіл білімінен тест тапсырғаны туралы сертификаты жалған екенін «айдан анық білгенін» айтты.

«Білім және ғылым министрлігі комитетінің комиссиясы жұмысын аяқтаған соң ол резиденттер — магистранттар мен докторанттарды жинап, тексеру жүргізілгенін, сертификаттары British Council тізімінде жоғын айттық. Жасыратын несі бар, олар сертификаттарының жалған екенін білген. Меніңше, олар өтініш жазып, оқудан шығып кетулері керек еді, біз соны күттік. Кейбірі солай істеді де, дегенмен, 84 адам осы кезге сертификаттары шынайы деп ойлап келді. Олардан сертификатты қайдан алғанын сұрағанымда жауап бере алмады» деді ректор Шайдаров.

Ол университетте техникалық жағынан қиын болғандықтан сертификаттардың шынайылығын тексере алмағанын, бұдан соң ішкі істер департаментінен тексеру жүргізуді сұрағанын айтты.

Бұған дейін Астанадағы медицина университеті министрлік жүргізген екінші тексеру нәтижесінде жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқуға түсуде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны анықталған соң 117 студентті оқудан шығарған. Министрлік тексеруді былтыр күзде студенттер кейбір абитуриенттер оқуға түсерде «жалған құжат ұсынды» деген мәлімдемесінен соң жүргізген.

Көре отырыңыз: IELTS серификаты туралы AzatNews хабары

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.