Алматы. 10 қараша. 7kun.kz — Deutsche Bank басшысы Джон Крян банк қызметкерлерінің 50 пайызын жұмыстан босатып, олардың орнына роботтарды алу туралы жоспарын растады деп хабарлайды Hightech.fm. 

Ол осы уақытқа дейін мыңға жуық жұмысшыны қызметінен босатқан еді. Банк ісін қайта дамыту үшін алдағы уақытта жасанды интеллектті пайдаланатынын Financial Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеген.

Қазір Deutsche Bank қатарында 97 000 адам жұмыс істейді. Джон Крянның ойынша, банкте өте көп адам жұмыс істейді. Ал бәсекелес банктердегі қызметкерлердің саны екі есе аз. Банк басшысы сатумен айналысатын жұмысшылар мен офис-менеджерлерінің саны шамадан тыс көп деп есептейді. Ол наурыз айында айтқан мәлімдемесінде, банктің бірнеше бөлімдерін түгелдей жауап тастау керек деген.

Greenwich Associates агенттігінің болжамы бойынша, 2018 жылдан бастап қаржы компаниялардың 75 пайызы жасанды интеллектің күшіне жүгінеді. Қаржы саласындағы қызметкерлердің 15 пайызы өз жұмысынан айыралуы мүмкін.

Крян өзінің қатал саясатын банктің алдында шешілмеген ірі проблемалармен түсіндіреді. Егер үлкен жалақы алатын бухгалтерлер бұл проблеманы шеше алмаса, оны роботтарға тапсырамын дейді Крян. Банктің қазан айындағы табысы 2 есеге азайған.

Quartz агенттігіні Крян банк қызметінен бас тартқан клиенттерді жоғарыда айтылған сөздері арқылы қайтарып алуды жоспарлап отыр деп хабарлайды.

Ал Citigroup-тың бұрынғы басшысы Викрам Пандит алдағы бес жылда қаржы нарығын үлкен өзгерістер күтіп тұр деп есепдейті. Оның ойынша, банк жұмысшыларының 30 пайызы қызметтерінен айырылып қалады. Оған роботтар мен жұмыстың автоматтандырылуы себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін ресейлік «Сбербанкте» роботтар жұмыс істей бастаған еді.

Запись Deutsche Bank қызметкерлердің 50 пайызын роботтарға алмастырады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.