Бүгінгі «Жас Алашта»:  Құнанбайды қашанғы таспен қоршап қоямыз?

713

Алдағы мерекелік күндерге орай «Жас Алаш»  бүгін (сенбіде) жарық көрді. Кешегі күннің басты саяси жаңалығы – Тұяқбайдың партиясын тастап кеткен З. Батталованың мәлімдемесі болғаны анық. Ресми тіркелген оппозицияшыл жалғыз партияның басындағы бұл дау, ішкі тартыс көпшілікті қынжылтатыны айтпаса да түсінікті.

Қарапайым халықтың көңілін тәуелсіз саясаткерлер ғана қалдырып жүрген жоқ. Мәселен, асар тауы, басар жері қалмаған шаруалар облыс әкіміне жағдайын айтайын десе, көмекшілері «Амандық Баталовтың алдына кіруге 500 адам тұр» деп жолатпайды екен. Шаруа мен жергілікті билік өкілдерінің қарым-қатынасын баяндайтын автор «Амандық Баталов несіне облыс басқарып отыр?» деген мәселені қозғайды.

Ал Өскемендегі авторымыз Серік Құсанбаев Құнанбайды ардақтап, бүгінгі таспен қоршалып жатқан қорымына сонау Маңғыстаудағы пір Бекеттің, Баянауыл өңіріндегі Мәшһүр Жүсіптің, Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім, Жетісудағы Сүйінбай мен Жамбылдың кесенелеріндей көрікті кесене орнатып, жолын жөндеп, құрмет көрсететін уақыт келді деп келелі мәселе көтереді.

«Қазақ саны елдің 100 пайызына жетсе де, қазақ тілі осы қалпымен  дамымайды, оны ешкім үйренбейді» деп білетін Қанағат Жүкешевтің «Термин түзелмей, тіл оңбайды» атты кезекті мақаласы басылды.

Ал қылқаламға тіл бітірген суретшілер Алматыда құрылтай өткізіп, одақтарына айғай-шусыз жаңа төраға тағайындады. Бұл құрылтайда «Суретшілер одағы кімге керек?» деген мәселеде көтерілді.

Бүгінде әкесіз өсіп жатқан ұл көп. Ақын Ұларбек Нұрғалымұлы әке көрмеген баланың мұңын «Келіншектің баласы» атты жырында жүректі жылата қозғайды.

Рекорд жаңартудан қолы тимей  жүрген Тимур Сыпатаев «Жас Алашқа» арнайы уақыт бөліп, сұхбат берді.  

Бұдан да басқа әр салаға қатысты сан түрлі өзекті дүниелер оқырманға жол тартты («Ақтөбе – ең жаман қала», «Нұртай Әбіқаев академик атағын қайтарып бере ме?»,  «Сара бейнесі. Маргарита және Алтынбек» т.б) . Газетте жарық көрген  мақалалардың бәрін тәпіштеп таныстырып шығу оңай шаруа емес. Оның үстіне, үшінші жақтың баяндауын естігенше, газетті қолыңызға алып, өзіңіз оқыған әлде қайда ғанибет емес пе!

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы +77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.