Ресейлік интернет-омбудсмен Дмитрий Мариничев Telegram мессенджерін бұғаттаудан пайда жоқ деп санайды. РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында омбудсмен Telegram сервисімен емес, заңсыз контент таратушылармен күресу керектігін айтты.

27 сәуірде «Яндекс» мен Вконтакте Роскомнадзордың әрекеттерін сынаған. Роскомнадзордың Telegram мессенджерін бұғаттау әрекеттері кезінде Ресейдегі ірі сайттар мен әлеуметтік желілердің ашылуы қиындаған.

Ресей билігі 16 сәуірден бастап ел аумағында Telegram мессенджерін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін беруден бас тартқаны үшін бұғаттап жатыр. Содан бері Ресейде 20 миллионға жуық IP-адрес бұғатталып, жүздеген онлайн-сервис зардап шекті. Дегенмен, биліктің қысымына қарамастан Telegram жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз: Telegram бұғатынан басқа сайттар да зардап шекті

Бірнеше күн бұрын Санкт-Петербургтің заң шығару кеңесінің депутаты Андрей Анохин ресейліктердің әлеуметтік желілерді үш сағаттан артық қолдануына тыйым салуды ұсынған. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.