Британдық Cambridge Analytica компаниясы жұмысын тоқтататынын жариялады. Cambridge Analytica мұндай шешімді компания АҚШ-тағы президент сайлауныда Facebook қолданушыларының деректерін заңсыз пайдаланды деген айыптаудан соң қабылдап отыр. Компания бұл айыптауды жоққа шығарады және айыптау салдарынан барлық клиентінен дерлік айырылғанын мәлімдеді. Осыған байланысты компания банкрот болу процедурасын бастады.

Cambridge Analytica компаниясы Facebook қолданушыларының деректерін түрлі елдерде саяси жарнама жасауға қолдану үшін жинаған. Соңғы мәлімет бойынша, компания Facebook-тің 87 миллион қолданушысының мәліметіне қол жеткізген болуы мүмкін.

Facebook-тің негізін салушы Марк Цукерберг мәліметтер базасының бұзылғанына және саяси кампания кезінде әлеуметтік желінің «жалған хабар» таратып, жеккөрушілікті тудыруда пайдаланылғанына кінәлі екенін мойындаған. АҚШ-та жүргізіліп жатқан тергеу мәліметінше, Facebook АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында сайлау кампаниясына килігу үшін ресейлік «интернет-тролльдерді» пайдаланған.

Көре отырыңыз



Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.