Бүгін, 3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. 1993 жылы осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы мамырдың 3-ін 1″Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні» деп жариялап, сөз бостандығы мен оған төнетін қауіп-қатерге назар аударуға шақырған еді. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 19-бабында сөз бостандығы адам құқықтары ретінде көрсетілген.

Өткен айда «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы әлемдегі сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігінің жағдайы нашарлай түскені туралы есебін жариялаған.

Қазақстан ұйым түзген «баспасөз еркіндігі рейтингінде» 54,41 ұпаймен 180 елдің ішінде 158-орында тұр. Өткен жылмен салыстырғанда бұл ел бір сатыға төмендеген. «Елдегі репрессия спиралі төмендеген жоқ. Қазақстанды отыз жылға жуық үздіксіз басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ізбасары туралы айтылмайды. Ал Назарбаев билікті өз қолына алып, оны сақтап қалу үшін қысымды күшейтті» деп жазады ұйым.

Ал Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы бұған дейін Шығыс және Орталық Еуропа аймағы мен Орталық Азия елдеріндегі еркіндік деңгейі туралы жыл сайынғы есебінде Қазақстанды «автократия орныққан» еркін емес елдер тізіміне қосқан. Бұл тізімге Қазақстаннан өзге Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан кірген. Ұйым «Өтпелі кезеңдегі мемлекеттер. Иллиберализмге қарсы тұру» деп аталатын есебінде бұл елдердің басшылары «саяси бәсекелестерін басып-жаншып, ой-пікірін еркін білдірген тәуелсіз белсенділер мен журналистерді қудалайтынын» айтады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.