Осыдан екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен семейлік Айдын Айтқожиннің отбасы халықтан көмек сұрап отыр. Олар Айдынның тірі екеніне сенімді. Айдынды көрген  адам дереу хабар берсе дейді.

 Айдын Айтқожин 17 науырызда  Семейдің Жаңақұрылыс ауданындағы «Ертіс стадионына»  күзетшілік міндетін өткеруге шыққан. 51 жастағы азамат бұл жұмысқа 3 ақпанда ғана кірген. Жұмыс орыны үйінің қасында.

17 наурыз күні сағат 20.00-дер шамасында кешкі асын апарып бердім. Ол жұмыста отырды. Ал таңертең үйге кісілер келіп, Айдынды сұрады. Әлі келмегенін айттым. Сөйтсем, стадион есігі жабық, адамдар жұмыстарына кіре алмай жүр екен. Күйеуім ізім-қайым жоқ, телефоны өшірулі… Стадионды он айналып,  Ертістің жағасына жүз рет барып іздедік.  Жоқ.  Сол күні тұман қалың түскен еді, адасып кетті ме?– дейді Айдынның жары Ария.

Жоғалған азаматты  полиция да іздестіріп жатыр. Әзірге хабар жоқ.

«Сайттарға шықса, әлеуметтік желіде суреті тараса, біреу танып қалар»   дейді Ария.  

Оның айтуынша, Айдын Нұриденұлы Айтқожиннің есте сақтау қабілеті 2012 жылдан бастап нашарлағандай көрінген.  Бірақ, соншалықты күмән тудыратындай болмаған соң, онысына  назар аудараған.

Ария Бекенқызы аймақтағы құмалақшы мен  көріпкелдерге де барған екен. Әрқайсы әртүрлі болжам айтқанмен, «Күйеуің тірі, бір жерде жүр, бір күні аман-есен оралады» дегенге шүкіршілік айтып, күніз-түні есік күзетумен жүр.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы   

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.