Қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИН америкалық Ванес МАРТИРОСЯНДЫ  екінші раундта нокаутпен жеңді,- деп хабарлайды zhasalash.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандылық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде Головкин бірінші секундтардан шабуылын үдете түсті. Мартиросян бірнеше соққысын дарыта алды.

36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр.

Бұл жекпе-жекті  QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетті.

Фото: telegraf.com.ua

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.