Соғыс қолтаңбасы

1653

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Совет қалаларында қайыр тілеген мүгедек адамдар қаптап кеткен. Олардың басым көпшілігі соғыс ардагерлері еді. Қалалардың көркін кетірген тіленшілер тобы қызыл көсемдерге ұнай қоймаған.

1952 жылы Ладож көлінің солтүстігіндегі Ваалам аралында мүгедектер интернаты ашылады. Аты интернат болғанымен бұл абақтының бір түрі еді. Ваалам – инетрнеаты Ішкі істер министрілігінің қарауында болған. 1950-жылдары Одақтың барлық жерінен бір түнді осы жерге қайыр тілеген мүгедек жандарды шоғырландыру басталды. Шытуайтында оларды еркілерінен тыс Вааламға қоныстандырды. Бала-шағасы бар я болмаса қарайтын адамы бар бейбақ майдангерлерді де аралға зорлықпен апарып қамаған. Олардың соғыстан кейінгі өмірлері азаппен өтті.

1954 жылы  29 ақпан күні ІІМ басшысы Круглов №06778 құжатта «біздің жүргізген шарамызға қарамастан ірі қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында алақан жайған қайыршылар қатары сейілмей тұр», деп Маленков пен Хрущевқа баяндаған. 1951 жылдың екінші жарты жылдығында 107 766 адам, 1952 жылы 156 817 адам, 1953 жылы 182 342 адам ұсталды деп жазылған мемлекеттік құжатта. КСРО-да социализммен бірге қайыршылық та қатар өскен. Милиция ұстаған мүгедек қайыршылардың 70 пайызы фашизмге қарсы соғысқан жауынгерлер еді. Осылайша коммунисттік партия басшылары елдегі қайыршылықпен «соғыс ардагерлерін ұрлау операциясы» арқылы күресті.

Қызыл террордың бұл қылмысын ашқандардың бірі – суретіш Геннадий ДОБРОВ. 1974 – 1980 жылдары салынған «Соғыс қолтаңбасы» атты циклында соғыстан кейінгі өмірін тозақта өткерген майдангерлер портретін салып шыққан. zhasalash.kz 9-мамырға орай суретшінің сол еңбектерін оқырмандарына ұсынады.

Г.Добров. «Возвращение с прогулки»

Суретшінің бұл туындылары совет заманында көрмелерге қойылмаған. Оны тек қыл қалам шеберінің шеберханасынан көруге болатын. Суретшіні садист деп жазғырғандар да болды.

Г. Добров. Неизвестный солдат

2008 жылы АҚШ-та Добровтың көрмесі өткен. Оның еңбектері Ұлы Отан соғысының орталық мұражайы мен Берлиндегі Тарихи орталық мұражайында да сақталған.

Г. Добров. Опаленные войной

1987 жылы Добров осы портреттері үшін «Борец за мир» медалімен марапатталды. Көрме ұйымдастырушылар суретші туындыларын қабылдағанымен оларды көпшілік назарына ұсынбаған.

Г. Добров. Цена нашего счастья

1994 -2000 жылдары Г. Добров Германия, Польша, Чехиядағы бұрыңғы фашисттік  концлагерьлерді де аралаған. Ол жақтан «Реквием» атты сериялық суреттер салып келеді. Осы еңбектері үшін РФ Еңбек сіңірген суретшісі атағын алады.

Г. Добров. Отдых в пути

Суретші Генадий Добров белгісіз майдангерлері өмірін тірілткен және Валаам шындығын ашқан реалист суретші.

Г. Добров. Ветеран

Айтпақшы, суретші Генадий Добров 1937 жылы Омбыда суретшілерді отбасында дүниеге келген. Әкесі Михайл ГЛАДУНОВ ұлын бала күнінен сурет өнеріне баулыған.

Г. Добров. Рассказ о медалях

Суретші 2011 жылы Мәскеу қаласында  75 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ваганьков қорымына жерленді.

Фото: blog.i.ua

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.