Пхеньян АҚШ-ты "диалог ахуалын бұзуға тырысты" деп айыптады

134


Солтүстік Корея ВашингтонСолтүстік Корея Вашингтонды «Пхеньян АҚШ-тың қысымынан соң келіссөз өткізуге мәжбүр болған-мыс» деп пайымдау жағдайды қайтадан бұрынғы қалпына түсіруі мүмкін деп ескертті. Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мамырдың 6-сы күні АҚШ-ты Пхеньянға қатысты «жорта арандатты» және қазіргі «диалог ахуалын» бұзуға тырысып отыр деп айыптады.

«Корей түбегіндегі ахуал бейбітшілік пен бітімге қарай бет бұрған шақта АҚШ Солтүстік Кореяны жорта арандатып отыр», — деп мәлімдеген Пхеньян өкілі.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жақын бірнеше аптаның ішінде кездесуі тиіс. Бұған дейін, мамырдың 4-і күні Трамп Ким Чен Ынмен келіссөз өткізетін орын белгіленгені туралы мәлімдеген, бірақ оның нақты қай жерде өтетінін ашып айтпаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.