7 мамыр– Қазақстанда Отан қорғаушы күні. Атаулы күнге байланысты Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында әскери парад өтеді.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, парадқа үш мыңнан астам сарбаз, 300-ден астам әскери техникасы, 30-ға жуық авиация техникасы қатысады. «Отардағы» шараны тамашалауға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келмек. 

Отан қорғаушы күні мен және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске арналған әскери парадты республикалық телеарналар тікелей эфирден көрсетпек.

2012 жылы қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен мамырдың 7-сі «Отан қорғаушы күні» болып белгіленіп, мемлекеттік мейрам ретінде демалыс күні болып жарияланған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.