«Барселона» клубының капитаны, Испанияның даңқты футболшысы Андрес ИНЬЕСТА жапондық «Виссел Кобе» клубымен үш жылдық келісім шартқа отырды. Келісім шарт құны 90 миллион доллар. Бұл туралы zhasalash.kz sports.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл ақпаратты

ESPN таратып отыр.  33-жастағы футболшының бір жылдық айлығы 30 млн доллар болады.Бұл келісім шартта «Виссел Кобе» клубының иесі Хироши МИКИТАНИ маңызды рөл атқарды. Ол сондай-ақ «Барселонаның» демеушілерінің бірі  «Rakuten» компаниясының бас директоры. «Виссел Кобе» футбол клубы Кобе каласының намысын қорғайды. 1966 жылы құрылып, 1997 жылдан бастап Джей-лигада өнер көрсетеді.

Иньеста енді Жапонияда доп тебеді

Бұл команданың сапында немістің белгілі футболшысы Лукас ПОДОЛЬСКИ ойнайды.

 

Фотолар: smotrisport.tv, verkaufen.rakuten.de

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.