Ресей Израильдің Сириядағы іс-қимылына кедергі келтірмейді деп мәлімдеді Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен соң Израиль Биньямин Нетаньяху.

«Сирияда қазір не болып жатқанын ескере отырып, ресейлік әскерилер мен Израиль армиясы арасындағы үйлестіру жұмысын жалғастыра беру керек және кездейсоқ қақтығысты болдырмау қажет» деді Нетаньяху журналистерге.

Мәскеуде Биньямин Нетаньяху Ресей президентімен бірге Қызыл алаңда өткен әскери парадты тамашалады, Кремльдегі Белгісіз сарбаз қабіріне гүл шоғын қойды және «Мәңгі өлмес полк» акциясына қатысты. Нетаньяху акцияда Совет одағының батыры Вольф Виленскийдің суретін ұстап жүрді.

9 мамырға қараған түні Сирияның мемлекеттік БАҚ-ы Дамаск түбіндегі Сирия үкімет әскерінің әскери базасына зымыранмен соққы жасалғанын хабарлаған. Соққыны Израиль авиациясы жасаған.

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген соң Израиль Голан жоталары аумағында жоғары әскерін дайындыққа келтірген. Израиль «Сириядағы Иран күштерінің шектен тыс белсенділігін» байқағаннан кейін осындай шара қабылдаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.