Бүгін Алматы мен Астанада «саяси тұтқындарға» бостандық сұрап ондаған адам көшеге шықты. Ақын, қоғам қайраткері Арон АТАБЕК, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрыңғы басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВТІ босатуды сұрады. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлайды.

Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына жиналған жұрт тек «саяси тұтқындарға» ғана қатысты пікірлерін білдірген жоқ. Коммуналды қызметтің қымбаттағанын, зейнетақының аздығын және басқа да проблемаларды айтты. Журналисттерге көшеге шығуларының себебін айтып үлгермей оларды полиция ұстап алып кетіп жаттты.

Алматыдағы қарсылық акциясын Азаттық  тікелей эфирде көрсетті. Полиция наразылыққа шыққандарды ғана емес жай қыдырып жүргендерді де ұстап жатты. Бір жігіт тілшілерге балмұздақ жегені үшін ұсталғанын айтып үлгерді.

Астанада да қоғамдық белсенділер ұсталды. Сотпен жабылған «Алаш жолы» қозғалысының мүшесі  Раушан ТОРБАЕВ қалалық әкімдікке барар жолда ұсталыпты. Ол Астана  әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВТЫҢ атына жазылған хатты тапсырмақшы болыпты. Хат та  21 мамыр күні митинг өткізуге өтініш айтылған.

Астанаға келген Европарламент мүшелерімен кездеспек болған Қайырлы ОМАРДЫ жолда көлігімен кетіп бара жатқанда ұстаған. Ол Европарламент депутаттарына Қазақстандағы адам құқықтарына байланысты хат тапсырмақ болған.

— Астаналық белсенді жігіттер ҚДТ-ның ұйымдастрыған акциясына қатысуға ықыласты екендерін білдірген еді. Алайда, олар орта жолда ұсталды. Полиция Айдын ЕГЕУБАЕВТЫ ұстау кезінде оның қолын сындырып тастады. ІІД-не жедел жәрдем барып, көмек көрсетіп жатыр, — деді zhasalash.kz тілшісіне белсенді Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ. 

Фото: Мария Гордеева

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.