9 мамыр күні Алматыда бесінші рет «Мәңгі өлмес полк» шеруі өтті. Оған 120 мың адам қатысты. Астана алаңынан басталған шеруге екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, аталары майданда болған алматылықтар бас қосты. Қолдарына майдангерлердің суреттерімен бірге КСРО-ның туын ұстап шыққандар да болды.

Былтырғыдағыдай бұл акция Астана қаласында да өз жалғасын тапты. Жергілікті биліктің хабарлауынша биыл «Мәңгі өлмес полк» акциясына 30-35 мың адам қатысқан.

«Мәңгі өлмес полк» — халықаралық қоғамдық қозғалыс. Бұл акцияның авторлары: Сергей ЛАПЕНКОВ, Сергей КОЛОТОВКИН және Игорь ДМИТРИЕВ. Бұл шара 2011 жылы Томск қаласында бастау алған. Ал Қазақстанда 2013 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады.

Саясаттанушы Айдос САРЫМ енді тағы да бір-екі рет  9-мамыр «Мәңгі өлмес полк» шеруімен тойланса дербестігімізден айрылуымыз кәдік дейді.«Мәңгі өлмес полк» шеруі тәуелсіздігімізден айырады...

-Кешелі бері біраз адам дұрыс айтып жатыр: кешегі мейрам мемлекеттік идеологиялық аппараттың ойсырай жеңілуі болып табылады! Жылдар бойы айтып келген идеологиялық конструкциялардың парша-паршасы шықты. Елімізде КСРО-ны аңсаушылар, Кремльдің жымысқы саясатын жүргізушілердің көптеп жүргенін айқын байқадық. Біз ресейшіл емеспіз, тек аталарымызды еске алып жүрміз дегендер «жолақтар» мен «марштардың» Кремльдің сценариемен, өз жақтастарын жинау, оларға пәрмен беру, ел билігі мен қоғамына күш көрсету мақсатында жүргізіліп жатқанын айқын түсінетін кез келді. Бұның бәрі де ойыншық емес,- деп жазды саясаттанушы facebook.com әлеуметтік желісіндегі  жеке парақшасында.  

wikipedia.org мәліметке сенсек бұл шеру әлемдегі 80 мемлекетте өтеді екен. Олардың қатарында Ұлыбритания, Германия, Дания, Бельгия сынды мемлекеттер бар. Украина президенті Петр ПОРОШЕНКОНЫҢ айтуынша, бұл акцияға қатысатындар ресми Мәскеудің саясатын түсінбегендіктен көшеге шығады.

«Мәңгі өлмес полк» шеруі тәуелсіздігімізден айырады...

-Ресей әуелі «Мәңгі өлмес полкты» да өздерінің қарулы күштерінің құрлымы ретінде қарастырады. Олардың миссиясы – гибридттық соғысқа қатысу. Ондай соғыс Украинаға, АҚШ және ЕО елдеріне де қарсы жүріп жатыр, — деді Порошенко 8 мамыр – еске алу және татулық күні өткен шарада.  

Фотолар: kaznews.kz, youtube.com, facebook.com

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.