Қызылордада мемлекеттік қызметшілер іс – сапарға шығарда қаражаттан тарығады екен. Бұл жағдайды шенеуніктердің арасында жүргізілген арнайы сараптаманың қорытындысы көрсетті. Жалпы, жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары   ақ жағалылардың жұмысына талдау жүргізген. Сараптама нәтижесі қуантарлық емес.

Сырбойылық шенеуніктер демалыс күндері де еңбек етуге мәжбүр. Олар жұмыстан тым кеш қайтып, міндетті мерекелік сыйақылардан қағылатын көрінеді.  Қызметкерлердің өздері сауалнама сұрақтарына жауап беру арқылы, осы проблемаларды жіпке тізіп берген екен. Мұнан бөлек, қызылордалық шенеуніктерді еңбек демалысына шығу мен іс – сапар шығындарын төлеу кезіндегі келеңсіздіктер де қатты алаңдататын көрінеді.

«Сауалнамаға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы жұмыс көлемінің тым көп екеніне шағымданған. Сондай-ақ, шенеуніктердің еңбек демалысына шығу кезінде біршама заң бұзушылықтардың орын алатындығы анықталып отыр. Қазіргі күні агенттік тарапынан басқарма басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Аталмыш олқылықтарды жою және болдырмау үшін 9 ұсыным жолдап отырмыз», — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: inform.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.