Семейде  митингке қатысқандардың бірі тұтқындалды   

1248

Семейде қоғамдық белсенді Ерлан АХМЕТОВ әкімшілік соттың ұйғарымымен үш тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының Семейдегі тілшісі хабарлайды.

Кеше Ерлан Ахметов, Фарид ИШМҰХАМБЕТОВ, Арсен ҚҰДАБАЕВ және т.б адамдар наразылық акциясына шыққан еді. Семейліктер де Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкентте шыққан бұқарадай саяси тұтқындарға бостандық сұраған еді. Бейбіт шеруге шыққан семейліктерді полиция ұстағанымен жібере салған болатын. Алайда, 10-мамырдың кешінде Ерлан Ахметов тұтқындалған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «бейбіт митинг тәртітібін бұзды» деген айыппен қоғамдық белсенділер Ерлан ҚАЛИЕВ 5-тәулікке, Ринат АЛДАМЖАРОВ 3-тәулікке қамауға алынды.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы

Фото:facebook.com

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.