Теміртау қалалық соты кеншілердің «Жақтау» кәсіподағы түсірген «ар-намысы мен абыройын қорғау туралы» азаматтық шағымын жартылай қанағаттандырды. Іс бойынша үш адам – полиция қызметкері, коммуникация бойынша маман және YVision блог-платформасы» компаниясы жауапқа тартылып отыр. Кәсіподақ бірлестікті қаралады деген мақалалар үшін моральдық шығын төлеуді талап етеді. 

Сот  YVision блог-платформасында жарияланған мәліметтерді «шындыққа сай келмейді және кәсіподақтың іскерлік беделін қаралайды» деп таныды. Сот жауапкерлердің бірі — Татьяна Б-ны YVision блог-платформасында мақалаларды терістеуге міндеттеді. Сот шағымның басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартты.

Сотқа қатысушы тараптар комментарий беруден бас тартты. Шағымданушы тарап өкілінің сөзінше, сот шешімін зерттеуге уақыт керек.

Шағымданушы сотқа мақалалар блог-платформада жарияланған сәтте интернетке қосылған компьютердің IP-адресі жауап беруші тараптар тұрып жатқан мекенжайда тіркелген телефон абонентіне тиесілі екенін растайтын құжат өткізген. Жауап берушілер мақалаларды өздерінің Wi-Fi желісіне қосылған өз құрылғысымен қосылған үшінші адам жариялауы мүмкін екенін айтады.

Шағымданушы мақалаларды «көпе-көрінеу жалған және арандату» деп атайды және мақалаларда келтірілген мәліметтер әлдебіреуге «пайдалы» болған деп біледі. Шғымданушының өкілі жауапкерлердің бірі — Б. Татьяна «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметінде жұмыс істейтінін және «компания мен кәсіподақта болып жатқан жағдайдан хабары бар» екенін айтады.

Жауапкерлер кәсіподақ туралы ақпарат таратуға қатысы жоғын айтады. Жауапкерлер адвокатының пікірінше, IP-адресін анықтау олардың кінәлі екенін дәлелдей алмайды.

Кәсіподақ шағымына былтыр yvision.kz блог-плшатформасында Әнуар Иманбаев дегеннің авторлығымен жарияланған «ЛжеРобингуд, или как заработать на дом в Сочи председателю взносами профсоюзу «Жактау» деген және «Виктор Парамжитович: разделяй и властвуй» деген екі мақала себеп болған. Сайтта біраз уақыт тұрып, оқылған бұл материалдар кәсіподақ блог-платформа әкімшілігіне ескерту жасап, полицияға шағымданған соң жойылған. Ал кәсіподақ кейін мақала авторы деген адамды жауапқа тартуға бекінген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.