Мамыр мерекелерінен кейінгі жұмыс күні қауырт басталып, қоғамды елеңдеткен жаңалықтарға толы болды. Жаңалықтың басы Алматы және Астана қалалары мен бірнеше облыс орталықтарында өткен митингілер болды. Ереуілдеген елдің еуропарламент депутаттарына не айтқысы келгенін, билік, полиция бейбіт шеруге шыққан азаматтарға не істегенін бәрі-бәрін газеттің бас тақырыбынан оқи аласыздар!

Биылғы 9 мамырдың мерекеленуі де ерекше болды. Ерекшелігі сол, «Өлмес полк» дейтін Ресей ойлап тапқан халықтық марш Қазақстанға да келіп жетіпті. Мұндай дүниелердің Тәуелсіздікке төндірер қаупі қаншалықты екенін, оны болдырмас үшін билік не істеуі керектігін саясаттанушы Айдос Сарым жіліктей сараптап, дұрыс бағытты нұсқайды. Сарапшының көлемді материалын да бүгінгі саннан көресіз.

Арғы беттегі – Қытайдағы қазақ тағдыры «Жас Алаштың» назарынан тыс қалған емес. Ағайынның ауыр тағдырын сан құрғатпай беріп келе жатқан жолмен бұл санда «Қытайға барсам қайта қамаламын» атты тақырыппен оқуға келген қандас қарындастың халі баяндалды.

Бүгінгі санда бұдан өзге қазақ пен өзбек бәсекелессе не болатынын, қилы замандағы бір қазақтың тағдыры қалай болғанын және басқа да қызықты, тартымды дүниелерді жата-жастана оқуларыңызға болады.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.