Бүгін Бас Прокурор Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета ГРИГУЛЕ бастаған Еуропа Парламентінің депутаттарымен кездесті.Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Еуропарламент депутаттарына Қазақстанның сот төрелігінен Еуропа елдерінде жасырынып жүрген бірқатартар тұлғалардың, соның ішінде Әбіләзов пен оның жақтастары, Храпуновтар отбасы, ағайынды Рысқалиевтер, Тайжанов және т.б. қылмыстық әрекеттері туралы баяндалды.

Тараптар Әбіләзовтың қылмыстық әрекеттеріне және елдегі қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған амалдарын сынады. Кездесуде азаматтардың конституциялық құқығы, жеке өмірге қол сұқпау, сөз бостандығын қорғау мәселелері де талқыланды.Қ. Қожамжаров Еуропа Парламенті депутаттарына Еуропалық Одақпен кеңейтілген серіктестік туралы Келісімнің жасалуына ықпал еткені үшін алғыс білдірді,- делінген хабарламада. 

Бас прокуратура таратқан хабарламада кеше Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Ақтөбеде өткен митингі жайлы айтылмаған. «Саяси тұтқындарға» бостандық талап еткендері үшін қамауға алынғандар туралы да ешбір мәлімет таратылмады.

Кездесу соңында Қ. Қожамжаров делегация мүшелеріне ризашылығын айтып, өзара ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Фото: facebook.com

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.