Индонезияның Шығыс Ява аймағындағы, көлемі жағынан елдегі екінші ірі қала саналатын Сурабаяда жексенбі күні таңертең үш христиан шіркеуінде болған жарылыстар салдарынан кемінде 9 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап жергілікті баспасөз құралдары хабарлады.

Қасиетті Мария шіркеуінде болған алғашқы жарылыстан кейін арасына бірнеше минут салып тағы екі шіркеуде бомбалар жарылған.

Полицияның мәлімдеуінше, бір жанкешті өз-өзін бомбамен жарып жіберген. Тағы бір бомбаны полицияның залалсыздандырғаны хабарланды.

Жергілікті исламшылдар ұйымы жарылыстарға жауакершілікті алатыны туралы мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.