Ресейді Қазақстан телекоммуникация нарығынан ығыстырып шығармақшы. ТНТ телеарнасы көрсетілмесе қазақстандықтардың келесі буыны түрік сериалдарымен тәрбиеленеді. Бұндай мәлімдемені Мәскеуде ұсталған «Алма ТВ» қожайыны, банкир Жомарт ЕРТАЕВ жасады.

kommersant.ru хабарлауынша, Мәскеудің Пресненский аудандық соты прокуратураның ұсынысын қабылдамай, банкирдің уақытша тергеу абақтысына қамаудан бас тартқан. Жомарт Ертаевты алаяқтық жасады деп айып таққан Қазақстан экстрациялауды сұрап тұр.

Жомар Ертаевқа Bank RBK  АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі кезінде 80 млн АҚШ долларын жымқырған деген айып тағылып отыр. Ертаевтың сөзіне сенсек, оның қудалануында «қаржылық мүддеден» гөрі саяси ренк басым.

Ресейдің азаматтығы мен саяси баспана сұрап құжат өткізген Жомарт Ертаев қазақ ұлтшылдарының қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын да айтты. Ресейшіл ұстанымын Қазақстанда жүргенде де жасырмаған Ертаев қазір үй қамақта.

Фото: kommersant.ru

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.